Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 109-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 146 "2018-2020 жылдарға арналған Мұғалжар ауылы бюджетін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5843 тіркелген, 2018 жылдың 25 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) тармақшасында
кірістер - "55 126,0" сандары "67 896,4" сандарына ауыстырылсын;
оның ішінде:
салықтық емес түсімдер - "0,0" сандары "0,4" сандарына ауыстырылсын; трансферттер түсімдері - "53 085,0" сандары "65 855,0" сандарына ауыстырылсын;
2) тармақшасында
шығындар - "55 126,0" сандары "67 896,4" сандарына ауыстырылсын;
көрсетілген шешім мындай мазмұндағы 6-1 тармақпен толықтырылсын:
"6-1. 2018 жылға арналған Мұғалжар ауылы бюджетіне аудандық бюджеттен 12 770,0 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер түскені ескерілсін.
Аталған ағымдағы нысаналы трансферттерінің соммасын бөлу ауыл әкімінің шешімі негізінде айқындалады.".
2. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Мұғалжар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Мұғалжар аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы шешім 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мұғалжар аудандық мәслихатының сессия төрағасы Мұғалжар аудандық мәслихатының хатшысы |
Қ. АймағанбетовН. Қалиева |
Мұғалжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 наурыздағы № 185 шешіміне қосымша Мұғалжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 146 шешіміне 1 қосымша |
2018 жылға арналған Мұғалжар ауылы бюджеті
санаты | сомасы (мың теңге) | |||
сыныбы | ||||
кіші сыныбы | ||||
атауы | ||||
1. КІРІСТЕР | 67 896,4 | |||
1 | САЛЫҚТЫҚ ТҮСІМДЕР | 2 041,0 | ||
04 | Меншікке салынатын салықтар | 2 041,0 | ||
1 | Мүлікке салынатын салықтар | 85,0 | ||
3 | Жер салығы | 56,0 | ||
4 | Көлік құралдарына салынатын салық | 1 900,0 | ||
2 | САЛЫҚТЫҚ ЕМЕС ТҮСІМДЕР | 0,4 | ||
06 | Басқа да салықтық емес түсімдер | 0,4 | ||
1 | Басқа да салықтық емес түсімдер | 0,4 | ||
4 | Трансферттердің түсімдері | 65 855,0 | ||
02 | Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер | 65 855,0 | ||
3 | Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер | 65 855,0 |
функционалдық топ | сомасы (мың теңге) | ||||
функционалдық кіші топ | |||||
бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсі | |||||
бағдарлама | |||||
атауы | |||||
ІІ. ШЫҒЫНДАР | 67 896,4 | ||||
01 | Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер | 32 731,4 | |||
1 | Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар | 32 731,4 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 32 731,4 | |||
001 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер | 27 731,4 | |||
022 | Мемлекеттік органның күрделі шығыстары | 5 000,0 | |||
04 | Бiлiм беру | ||||
1 | Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту | 17 419,0 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 17 419,0 | |||
004 | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету | 30 189,0 | |||
07 | Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық | 3 865,0 | |||
3 | Елді-мекендерді абаттандыру | 3 865,0 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 3 865,0 | |||
008 | Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру | 3 865,0 | |||
13 | Басқалар | 1 111,0 | |||
9 | Басқалар | 1 111,0 | |||
124 | Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты | 1 111,0 | |||
040 | Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру | 1 111,0 | |||
V. Бюджет тапшылығы (профициті) | 0,0 | ||||
VI. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) | 0,0 |