Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 15 "Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 маусымдағы № 234 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінің Темір аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 3 шілдеде № 3-10-206 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 78 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 08.09.2023 № 78 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2–3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Темір аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Темір аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 15 "Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4903 тіркелген, 2016 жылы 20 мамырда "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. "Темір аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Темір аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Темір аудандық маслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Темір аудандық мәслихатының сессия төрағасы Г. МҰСТАФИНА
      Темір аудандық мәслихатының хатшысы Б. ІЗБАСОВ
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қ. ОТАРОВ
      "14" маусым 2018 жыл

  Аудандық мәслихаты
2018 жылғы 14 маусымдағы
№ 234 шешіміне қосымша

Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары

      1. Осы Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн–өзi басқару туралы" Заңының 6 бабының 2–3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" коммерциялық емес акционерлік қоғамының мемлекеттік корпорациясы Ақтөбе облысы бойынша филиалы – "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" Департаментінің Темір аудандық бөлімшесі (бұдан әрі – уәкілетті ұйым);

      2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Темір ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      4).ең төмен күнкөріс деңгейі – ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      6).отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      8). уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Темір аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      9).учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік–аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;

      3. Осы Қағидалар Темір ауданында тұрақты тұратын адамдарға қолданылады.

      4. Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына "Темір аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен және осы Қағидалармен белгіленген тәртіпте көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі.–.ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі.–.алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай–ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

      7. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

      Жеңіс күні – 9 мамыр;

      Мүгедектер күні – қазан айының екінші жексенбісі.

      Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін облыстың ЖАО бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі және әлуметтік көмектің мөлшерлері

      8. Ай сайынғы әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай көрсетіледі:

      1).Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерге 8000 (сегіз мың) теңге мөлшерінде уәкілетті ұйымның ұсынған тізімдері негізінде;

      2).мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуге мүгедек балалардың ата–аналарына немесе заңды өкілдеріне, білім беру кезеңіне бір мүгедек балаға, 1 (бір) айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде "Темір аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ұсынған тізімдері негізінде;

      3) аз қамтылған отбасыларға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде "Темір аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің тізімдері негізінде;

      4).онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, адамның иммуножетіспеушілік вирусы инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға, ай сайын ұсынылатын "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Темір аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ұсынған тізімдері негізінде, жылына алты айға дейінгі амбулаториялық ем алу мерзіміне 10 (он) айлық есептiк көрсеткіш мөлшерінде;

      5) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне, I, II, III топтағы мүгедектерге, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға және оларды ертіп жүруші тұлғаларға, "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – облыстық денсаулық сақтау басқармасы) жолдамасы бойынша емделуге төленетін жол шығындарын өтеу үшін.

      Әлеуметтік көмек, егер жоғарыда аталған тұлғалар толық мемлекет қарауында болмаған жағдайда көрсетіледі.

      9. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде, не оның мүлкіне зиян келтіру нәтижесінде келтірілген шығындарға байланысты біржолғы әлеуметтік көмектің төмендегі мөлшерлері белгіленеді:

      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне 150 000 (жүз елу мың) теңгеге дейінгі шекте;

      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға 100 000 (жүз мың) теңгеге дейінгі шекте;

      3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына 80 000 (сексен мың) теңгеге дейінгі шекте;

      4) зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға 60 000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі шекте;

      5) мүгедектерге, оның ішінде он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға, 60 000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі шекте;

      6) саяси қуғын–сүргін құрбандары, саяси қуғын–сүргіннен зардап шеккен адамдарға 50 000 (елу мың) теңгеге дейінгі шекте;

      7) көп балалы отбасыларға 60 000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі шекте;

      8) жетім балаларға, ата–анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйінің түлектеріне 60 000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі шекте;

      9) аз қамтылған азаматтарға 60 000 (алпыс мың) теңгеге дейінгі шекте;

      10) онкологиялық аурулардан зардап шегетін азаматтарға, адамның иммуножетіспеушілік вирусы инфекциясын жұқтырғандарға және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын науқастарға 80 000 (сексен мың) теңгеге дейінгі шекте.

      10. Өмірлік қиын жағдайлардағы азаматтарға, егер жолыққан сәттің алдындағы тоқсанда отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы Ақтөбе облысы бойынша төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен 1 еседен аспаса әлеуметтік көмек көрсетіледі (кірісі есептелмей әлеуметтік көмек көрсетілетін Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерін қоспағанда).

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне өмірлік қиын

      жағдай туындаған кезде, әлеуметтік көмек олардың табысын есепке алмай көрсетіледі.

      Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаж азаматтардың санаттарының қатарына жатқызу үшін төмендегілер негiздемелер болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурудың болуы;

      3) жан басына шаққандағы орташа табыстың, өмірлік қиын жағдай туындауына байланысты біржолғы әлеуметтік көмек тағайындау барысында ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1–еселік мөлшерінен аспауы.

      11. Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдайлар туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініштерді қарау мерзімі:

      өмірлік қиын жағдайлар туындаған сәттен бастап алты айдан кеш емес.

      12. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге табыстарын есепке алмай біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:

      Жеңіс күніне орай:

      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерiнде;

      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға 50 000 (елу мың) теңге мөлшерiнде;

      3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерiнде;

      4) мемлекеттік арнайы жәрдемақы алатын 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде алты ай әскери қызмет өткерген және тылда жұмыс жасаған азаматтарға 15 000 (он бес мың) теңге мөлшерiнде;

      5) мүгедектер деп танылмаған, екінші рет некеге отырмаған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың әйелдеріне (күйеулеріне) 25000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерiнде;

      6) қайтыс болған ауғандық жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне 25000 (жиырма бес мың) теңге мөлшерiнде;

      7) Мүгедектер күніне орай мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектерге 30 000 (отыз мың) теңге мөлшерiнде.

      13. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3. Әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі

      14. Атаулы күндер мен мерекелік күндері әлеуметтік көмек алушылардан өтініш талап етілмей, әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеуді қамтамасыз ететін аудандық уәкілетті органның не уәкілетті ұйымдардың, ЖАО бекіткен тізімі бойынша көрсетіледі.

      Азаматтардың кейбір санаттарының әр түрлі атаулы күндер мен мерекелік күндері (санатына сәйкес) әлеуметтік көмек алуға құқығы болған жағдайда әлеуметтік көмектің бір түрі көрсетіледі (көлемі бойынша үлкені).

      15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе қала, ауылдық округтің әкіміне мынадай құжаттарды қоса жалғай отырып өтініш береді:

      1) жеке басын куәландыратын құжат;

      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігін растайтын құжат;

      3) осы Қағидалардың 1–қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтер;

      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;

      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акті немесе құжаттар.

      16. Осы Қағидалардың 8 тармағының 1), 2, 3), 4) тармақшаларында көрсетілген адамдарға ай сайынғы әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі, 8 тармағының 5) тармақшасында көрсетілген адамдар мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) арыз;

      2) жеке куәліктің көшірмесі;

      3) облыстық денсаулық сақтау басқармасы берген белгіленген үлгідегі емделуге арналған жолдама;

      4) 8) тармақтың 5) тармақшасында көрсетілген азаматтардың санаттарына жататындығын растайтын куәліктің көшірмесі;

      5) жол жүру дерегін растайтын билеттер.

      17. Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      18. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш келiп түскен кезде уәкiлеттi орган немесе қала, ауылдық округтiң әкiмi бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.

      19. Учаскелiк комиссия, құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша осы Қағидалардың 2, 3–қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе қала, ауылдық округ әкiмiне жiбередi.

      Қала, ауылдық округ әкiмi учаскелiк комиссияның актiсi мен қорытындысын алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оларды қоса берiлген құжаттармен уәкілетті органға жiбередi.

      20. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.

      21. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкілетті орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.

      22. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе қала, ауылдық округ әкiмiнен өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық пакетiн арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      23. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.

      24. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 20 және 21 тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе қала, ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      25. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;

      2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы мөлшерлерінің, әлеуметтiк көмек көрсету үшiн Темір аудандық мәслихаты белгiлеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      26. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер

      27. Әлеуметтiк көмек келесі жағдайларда тоқтатылады:

      1) алушының қайтыс болуы;

      2) алушы Темір ауданы аумағынан тыс тұрақты тұруға шығып кетуі;

      3) алушыны мемлекеттiк медициналық–әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберілуі;

      4) өтініш беруші ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталғанда.

      Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      28. Бұл ретте дәйексіз мәліметтерді келтіріп заңсыз әлеуметтік көмек тағайындауға әкелгені анықталған жағдайда, әлеуметтік көмек төлеу тағайындалған тұлғаға (отбасына) белгіленген кезеңге тоқтатылады. Артық төленген сомалар ерiктi қайтаруға жатады, бас тартқан жағдайда – сот арқылы.

5. Қорытынды ереже

      29. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Е–собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң немесе "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзіледі.

  Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының
  тізбесін айқындау қағидаларына
  1 – қосымша

      Отбасының тіркеу нөмірі _____________

Өтініш берушінің отбасы құрамы туралы мәліметтер

      _______________________________________ ____________________________ (Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты) (үйінің мекенжайы, телефоны)

Жеке сәйкестендіру нөмірі

Отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты

Өтініш берушіге туыстық қатынасы

Туған күні, айы, жылы
















      Өтініш берушінің қолы ____________________ Күні ______________

      Отбасы құрамы туралы мәліметтерді растауға уәкілетті органның лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты _________________________________ ______________ (қолы)

  Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының
  тізбесін айқындау қағидаларына
  2 – қосымша

Өмірлік қиын жағдай туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ

      20 ___ жылғы "____" _____________ ________________________________ (елді мекен)

      1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты:

      ______________________________________________________________________________

      2. Тұратын мекенжайы:

      ______________________________________________________________________________

      3. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш берген туындаған өмірлік қиын жағдайы:

      ______________________________________________________________________________

      4. Отбасы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) ___________ адам, оның ішінде:

Р/с№

Тегі, аты, әкесінің аты

Туған күні, айы, жылы

Өтініш берушіге туыстық қатысы

Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

Жұмыспен қамтылмау себебі

Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер

Өмірлік қиын жағдай









      Еңбекке жарамды барлығы ___________ адам.

      Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ______ адам.

      Балалардың саны _________, оның ішінде:

      жоғары және орта арнайы оқу орындарында ақылы негізде оқитындар _______ адам, оқушыға оқу құны жылына ____________ теңге.

      Отбасында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілгендердің, зейнеткерлердің 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердің, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек)

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      5. Өмір сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету керек):

      ___________________________________________________________________________

      Тұрғын үйді ұстауға арналған шығыстар _____________________________________

      ___________________________________________________________________________

      Отбасының табысы:

Р/с №

Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) тегі, аты, әкесінің аты

Табыс түрі

Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы және құсы), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

тоқсанға

орта есеппен айына







      6. Мыналардың:

      автокөлігінің болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыстар)

      ______________________________________________________________________________

      қазіргі уақытта өздері тұрып жатқанна бөлек, өзге де тұрғын үйдің болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыстар)

      ______________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________________

      7. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):

      ______________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________________

      8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзі):

      ______________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________________

      9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі

      ______________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________________

      10. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайлары:

      ______________________________________________________________________________

      Комиссия төрағасы: _________________ ___________________________

      Комиссия мүшелері: _________________ ___________________________

      _________________ ___________________________

      _________________ ___________________________

      _________________ ___________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)

      Жасалған актімен таныстым:

      Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты және қолы

      ______________________________________________________________________________

      Тексеру жүргізілуден бас тартамын

      ______________________________________________________________________________ өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты және қолы, күні (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

  Темір ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының
  тізбесін айқындау қағидалары
  3 – қосымша

Учаскелік комиссияның № ____ қорытындысы

      "____" ____________ 20___ ж.

      Учаскелік комиссия Қағидаларға сәйкес өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берушінің (отбасының)

      ________________________________________________________________________________ (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты)

      өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттардың және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде

      ________________________________________________________________________________ (қажеттілігі, қажет еместігі) өтініш берушіге (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың

      ________________________________________________________________________________ туындауына байланысты әлеуметтік көмек ұсыну туралы

      қорытынды шығарады.

      Комиссия төрағасы:

      _______________________ __________________________

      Комиссия мүшелері:

      _______________________ __________________________

      _______________________ __________________________

      _______________________ __________________________

      _______________________ __________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)

      ____ данада қоса берілген құжаттармен қорытынды "____"____________ 20__ ж.

      ________________________________________ қабылданды.

      ________________________________________________________________________________ Құжаттарды қабылдаған қала, ауылдық округі әкімінің немесе жұмыспен қамту және

      ________________________________________________________________________________ әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады