Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ойыл аудандық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық - санитарлық инспекторының 2018 жылғы 19 маусымдағы № во 2-13-/67 ұсынысының негізінде, Ойыл ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ойыл ауылдық округінің Ақшатау ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдары арасынан бруцеллез ауруының ошақтарын жою бойынша кешенді ветеринариялық–санитарлық іс–шараларды жүргізумен байланысты белгіленген шектеу іс – шаралары алынсын.
2. Ойыл ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 27 сәуірдегі № 80 "Ойыл ауылдық округінің Ақшатау ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5482 болып тіркелген, 2017 жылдың 18 мамырда "Ойыл" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ойыл ауылдық округі әкімі | Д. Бисебаев |