Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 174 "2018-2020 жылдарға арналған Хромтау қаласының бюджетін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 203 шешімі. Ақтөбе облысы Хромтау аудандық Әділет басқармасында 2018 жылдың 10 сәуірде № 3-12-169 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджеттік Кодексінің 109-1 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 174 "2018-2020 жылдарға арналған Хромтау қаласының бюджетін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5808 тіркелген, 2018 жылғы 18 қаңтарда аудандық "Хромтау" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1 тармақта:

      1) тармақшасында:

      кірістер - "454 079" сандары "560 334,8" сандарымен ауыстырылсын;

      оның ішінде:

      трансферттердің түсімдері - "374 079" сандары "445 363" сандарымен ауыстырылсын;

      2) тармақшасында:

      шығындар - "454 079" сандары "560 334,8" сандарымен ауыстырылсын.

      7 тармақ келесідей мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      аудандық ішкі істер бөліміне қосылатын "Қылмыстық іс" электрондық жобасы үшін қажетті бағдарламалық-аппараттық құрылғыларды орнатуға 3 071 мың теңге;

      елді мекендерде санитария қызметін қамтамасыз етуге 9 900 мың теңге;

      қала көшелерін абаттандыру және көгалдандыруға 39 058 мың теңге;

      Хромтау қаласындағы №7 "Еркетай" бөбекжай – балабақшасының ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 16 840 мың теңге;

      "Бақытты бала" бағдарламасын жүзеге асыруға 2 415 мың теңге.

      2. Көрсетілген шешімдегі 1 қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Хромтау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Хромтау аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы шешімді Хромтау аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Хромтау аудандық мәслихатының сессия төрайымы
Е. Юшкевич
Хромтау аудандық мәслихатының хатшысы
Д. Молдашев

  Аудандық мәслихаттың
2018 жылғы 2 сәуірдегі
№ 203 шешіміне қосымша
Аудандық мәслихаттың
2017 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 174 шешіміне № 1 қосымша

2018 жылға арналған Хромтау қаласының бюджеті

санаты

сомасы (мың теңге)


сыныбы


ішкі сыныбы


атауы




1. Кірістер

560 334,8

1



Салықтық түсімдер

80 000


01


Табыс салығы

30 000



2

Жеке табыс салығы

30 000


03


Әлеуметтік салық

0



1

Әлеуметтік салық

0


04


Меншікке салынатын салықтар

50 000



1

Мүлікке салынатын салықтар

500



3

Жер салығы

4 500



4

Көлік құралдарына салынатын салық

45 000



5

Бірыңғай жер салығы

0


05


Тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге салынатын ішкі салықтар

0



2

Акциздер

0



3

Табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер

0



4

Кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар

0



5

Ойын бизнесіне салық

0


08


Заңдық маңызы бар әрекеттерді жасағаны және (немесе) оған уәкілеттігі бар мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар құжаттар бергені үшін алынатын міндетті төлемдер

0



1

Мемлекеттік баж

0

2



Салықтық емес түсімдер

34 971,8


01


Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер

0



5

Мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер

0


04


Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

0



1

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

0


06


Басқа да салықтық емес түсiмдер

34 971,8



1

Басқа да салықтық емес түсiмдер

34 971,8

3



Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер

0

4



Трансферттердің түсімдері

445 363


02


Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер

445 363



1

Ағымдағы нысаналы трансферттер

223 495



2

Нысаналы даму трансферттері

0



3

Субвенциялар

221 868


функционалдық топ

сомасы (мың теңге)


кіші функция


бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсі


бағдарлама


атауы





ІІ. Шығындар

560 334,8

01




Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер

35 811


1



Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар

35 811



124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

35 811




001

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

35 811




022

Мемлекеттік органның күрделі шығыстары

0

04




Бiлiм беру

344 235


1



Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту

344 235



124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

344 235




004

Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту және мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру

344 235

06




Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру

16 234


2



Әлеуметтік көмек

16 234



124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

16 234




003

Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсету

16 234

07




Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық

164 055


3



Елді-мекендерді көркейту

164 055



124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

164 055




008

Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру

22 500




009

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

20 000




011

Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру

94 555

12




Көлiк және коммуникация

27 000


1



Автомобиль көлiгi

27 000



124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

27 000




013

Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

27 000

13




Басқалар

0


9



Басқалар

0



124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

0




040

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға ауылдық елді мекендерді жайластыруды шешуге арналған іс-шараларды іске асыру

0

15




Трансферттер

0


1



Трансферттер

0



124


Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты

0





V. Бюджет тапшылығы (дефицит)

0





VI. Бюджет тапшылығын (профицитті пайдалану) қаржыландыру

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады