Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 28.04.2022 № 237 шешімімен (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) Кодексінің 509 бабының 5 тармағына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шалқар ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.
2. "Шалқар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы шешімді Шалқар аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шалқар аудандық мәслихаттың сессия төрағасы |
О. Уксакбаев |
Шалқар аудандық мәслихаттың хатшысы |
С. Бигеев |