Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 3 бабының 7 тармағына, 6 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шалқар ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының индекстері, атаулары мен тiзбесi осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
2. Шалқар ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Шалқар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 04 желтоқсандағы № 268 "Ақтөбе облысының Шалқар ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн бекiту туралы" (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4660 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 қаңтарда жарияланған);
2) Шалқар ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 97 "Шалқар ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 04 желтоқсандағы № 268 "Ақтөбе облысының Шалқар ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн бекiту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5502 болып тіркелген, аудандық "Шалқар" газетінде 2017 жылғы 01 маусымда жарияланған).
3. "Шалқар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Шалқар аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. Алибековке жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Қаниев |
Келісілді: "Ақтөбе облысының жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы" ММ басшысы |
А. Османгалиев |
Шалқар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 мамырдағы № 122 қаулысымен бекітілген |
Шалқар ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының индекстері, атаулары мен тiзбесi
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 19.03.2024 № 54 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ р/с | Автожолдың индексі | Автожолдың атауы | Жалпы ұзындығы, шақырым |
1 | KD-SH-001 | Шалқар қаласының оңтүстік айналма жолы | 7,1 |
2 | KD-SH-002 | Мөңке би ауылына кіре беріс | 0,595 |
3 | KD-SH-003 | Сарысай ауылына кіре беріс | 3,38 |
4 | KD-SH-004 | Қайдауыл ауылына кіре беріс | 1,94 |
5 | KD-SH-005 | Алабас ауылына кіре беріс | 9,8 |
6 | KD-SH-006 | Шетырғыз ауылына кіре беріс | 83 |
7 | KD-SH-007 | Жылтыр ауылына кіре беріс | 2,26 |
8 | KD-SH-008 | Бершүгір бекетіне кіре беріс | 1,5 |
9 | KD-SH-009 | Тұмалыкөл ауылына кіре беріс | 1,78 |
10 | KD-SH-010 | Аққайтым ауылына кіре беріс | 1,86 |
11 | KD-SH-011 | Қауылжыр ауылына кіре беріс | 1,45 |
12 | KD-SH-012 | Қотыртас ауылына кіре беріс | 2,04 |
13 | KD-SH-013 | Байқадам ауылына кіре беріс | 1,83 |
14 | KD-SH-014 | Бегімбет ауылына кіре беріс | 1,74 |
15 | KD-SH-015 | Тоғыз ауылына кіре беріс | 4,4 |
16 | KD-SH-016 | Шілікті ауылына кіре беріс | 3,5 |
Барлығы | 128,175 |