Алматы облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 23 мамырдағы № 31-165 шешімі және Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 30 мамырдағы № 243 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 14 маусымда № 4746 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Еңбекшіқазақ, Қаратал аудандарының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қаратал ауданының Қаңбақты ауылдық округі Бәйшегір ауылдық округі, Қаратал ауданы Үштөбе қаласының Фрунзе ауылы Достық ауылы, Еңбекшіқазақ ауданы Қаратұрық ауылдық округінің Мелиоратор ауылы Арна ауылы болып қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж. Омарға жүктелсін.

      3. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облыстық мәслихаты
      сессиясының төрағасы Б. Байтаев
      Алматы облысының әкімі А. Баталов
      Алматы облыстық
      мәслихаттың хатшысы С. Дүйсембінов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады