Алматы облысы Талдықорған қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облыстық мәслихатының 2018 жылғы 15 маусымдағы № 32-169 шешімі және Алматы облысы әкімдігінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 282 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 19 маусымда № 4749 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Талдықорған қаласының оңтүстік-батысында орналасқан даңғыл – "Қадырғали Жалайыри" даңғылы, бірінші көше – "Бәйкен Әшімов" көшесі, екінші көше – "Зылиха Тамшыбай" көшесі, үшінші көше – "Астана" көшесі болып аталсын.

      2. Талдықорған қаласы "Шайқорған" тұрғын үй алабының солтүстік-шығысында орналасқан "Астана" көшесі – "Нұрлытаң" көшесі болып қайта аталсын.

      3. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігі қаулысының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж. Омарға жүктелсін.

      4. Осы бірлескен Алматы облыстық мәслихатының шешімі мен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облыстық
      мәслихатының сессия төрағасы Т. Сарпеков
      Алматы облысының әкімі А. Баталов
      Алматы облыстық
      мәслихатының хатшысы С. Дүйсембінов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады