Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 02.08.2018 № 207 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Жайылымдар туралы" 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талдықорған қаласы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талдықорған қалалық мәслихатының "Әлеуметтік қорғау, заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтары және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Талдықорған қалалық | |
мәслихатының сессия төрағасы | В. Ким |
Талдықорған қалалық мәслихаты | |
хатшысының міндетін атқарушы | Т. Ахажан |
Талдықорған қаласы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар
Осы Талдықорған қаласы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) "Жайылымдар туралы" 2017 жылғы 20 ақпандағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, "Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 тіркелген), "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 тіркелген) сәйкес, жем-шөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болдырмау мақсатында әзірленді.
Жоспар:
1. осы Жоспардың 1-қосымшасына сәйкес, құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Талдықорған қаласы аумағында жайылымдардың орналасу схемасын (картасын);
2. осы Жоспардың 2-қосымшасына сәйкес, жайылым айналымдарының қолайлы схемаларын;
3. осы Жоспардың 3-қосымшасына сәйкес, жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасын;
4. осы Жоспардың 4-қосымшасына сәйкес, жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (өзендер, ағындар, бұлақтарға, су жинау орындарына) қол жеткізу схемасын;
5. осы Жоспардың 5-қосымшасына сәйкес, жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасын;
6. осы Жоспардың 6-қосымшасына сәйкес, ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигті қамтиды.
Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, иелерін – жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктерін ескере отырып қабылданды.
Әкімшілік-аумақтық бөлініске сәйкес Талдықорған қаласында 2 ауылдық округ бар. Ауылдық округтерде 2 мал қорымы жұмыс істейді.
Талдықорған қаласының жалпы көлемі – 38311 гектар. Санаттар бойынша жерлер бөлінісі:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 21266 гектар;
елді мекен жерлері – 8098 гектар;
өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 1176 гектар;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – 28 гектар;
орман қорының жерлері – 106 гектар;
су қорының жерлері – 121 гектар;
босалқы жерлер – 7516 гектар.
Қаланың климаты континенттік. Қаңтар айының орташа температурасы –11-13°С, шілдеде 22-24°С. Жауын – шашынның жылдық орташа мөлшері 350-400 мм. Оның басым бөлігі наурыз – мамыр және қараша – желтоқсанда түседі. Жел негізінен солтүстік – шығыс (34%), солтүстік (16%) бағытта басым.
Талдықорған қаласы табиғи жағдайлары бойынша тау етегi-шөлдi-далалық зонаға жатады. Өсімдіктер негізінен жусан-бетегелі-шалғынды.
Талдықорған қаласы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына 1-қосымша |
Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Талдықорған қаласы аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)
Талдықорған қаласы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына 2-қосымша |
Жайылым айналымдарының қолайлы схемалары
Жылдар | 1 қаша | 2 қаша | 3 қаша | 4 қаша |
2018 | көктемгі-жазғы | жазғы | күзгі | демалатын қаша |
2019 | демалатын қаша | көктемгі-жазғы | жазғы | күзгі |
Талдықорған қаласы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына 3-қосымша |
Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы
Талдықорған қаласы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына 4-қосымша |
Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (өзендер, ағындар, бұлақтарға, су жинау орындарына) қол жеткізу схемасы
Талдықорған қаласы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына 5-қосымша |
Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы
Талдықорған қаласы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына 6-қосымша |
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі
№ | Ауылдық округтің атауы | 2018 жылғы қашалар саны | |||
1 | 2 | 3 | 4 | ||
1 | Еркін ауылдық округі | көктемгі-жазғы (наурыз-маусым) | жазғы (шілде-тамыз) | күзгі (қыркүйек-қараша) | демалатын қаша |
2 | Өтенай ауылдық округі | көктемгі-жазғы (наурыз-маусым) | жазғы (шілде-тамыз) | күзгі (қыркүйек-қараша) | демалатын қаша |
№ | Ауылдық округтің атауы | 2018 жылғы қашалар саны | |||
1 | 2 | 3 | 4 | ||
1 | Еркін ауылдық округі | көктемгі-жазғы (наурыз-маусым) | жазғы (шілде-тамыз) | күзгі (қыркүйек-қараша) | демалатын қаша |
2 | Өтенай ауылдық округі | көктемгі-жазғы (наурыз-маусым) | жазғы (шілде-тамыз) | күзгі (қыркүйек-қараша) | демалатын қаша |