Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімдігінің 05.04.2022 № 201 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қапшағай қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қапшағай қаласының әкімдігінің "Қапшағай қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 993 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4461 тіркелген, 2018 жылдың 29 қаңтарында Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Қапшағай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеліуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрде көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқықындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорына жіберілуін;
3) осы қаулыны Қапшағай қаласының әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде Қапшағай қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөліміне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Ш. Нурғазиевке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қапшағай қаласының әкімі | Т. Кайнарбеков |
Қапшағай қаласында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері
№ | Атауы | Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны | Мектепке дейінгі ұйымдар ата-аналарының бір айдағы төлем ақы мөлшері (теңге) |
3 жастан – 7 жасқа дейін | |||
1 | "Қапшағай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақдидар" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 370 | 13000 |
2 | "Қапшағай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балдаурен" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 50 | 13000 |
3 | "Қапшағай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балауса" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 175 | 13000 |
4 | "Қапшағай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шеңгелді ауылындағы" "Ақбота" балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 50 | 13000 |
5 | "Қапшағай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Искорка" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 50 | 13000 |
6 | "Қапшағай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Гүлдер" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 50 | 13000 |
7 | "Қапшағай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Малыш" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны" | 300 | 13000 |
8 | "Қепшеғай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Нұр-бөбек" балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны" | 150 | 13000 |
9 | "Қапшағай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ш.Уәлиханов атындағы № 2 гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен" мемлекеттік коммуналдық мекемесі | 50 | 13000 |
10 | "Қапшағай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Орта мектеп- гимназия мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 125 | 13000 |
11 | "Қапшағай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 5 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" мемлекеттік коммуналдық мекемесі | 100 | 13000 |
12 | "Қапшағай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сарыбұлақ ауылындағы № 8 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" мемлекеттік коммуналдық мекемесі | 25 | 13000 |
| "Жеке балалар орталығы Лучик" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 100 | 13000 |
14 | "Академия детства жеке-балабақша" жауапкершілігі шектеулі серіптестігі | 125 | 13000 |
15 | "Мектепке дейінгі даярлау орталығы "Болашақ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 60 | 13000 |
16 | "Бэбисити 1" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 40 | 13000 |
17 | "Ильгекбаева" жауапкершілігі шектеулі серіптестігі | 40 | 13000 |
18 | "Образовательный центр Теремок" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 40 | 13000 |
19 | "Дидар-1979" жауапкершілігі шектеулі серіптестігі | 45 | 13000 |
20 | "Нартай-2012" жауапкершілігі шектеулі серіптестігі | 20 | 13000 |
Ескертпе:
1) Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарының ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда баланы күтіп-бағу үшін ата-аналардан немесе заңды өкілдерден алынатын ай сайынғы төлемақы мөлшері баланың жасына қарамастан тамақтануға кететін шығынның 100 пайызын құрайды және оны құрылтайшымен белгіленеді.
2) Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардан немесе заңды өкілдерден төлемақы алу тәртібін мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшымен белгіленеді.