Қонаев қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қапшағай қаласы әкімінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 12-15 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 11 желтоқсанда № 4946 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қонаев қаласы әкімінің 2024 жылғы 4 қаңтардағы № 12-21 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қонаев қаласы әкімінің 04.01.2024 № 12-21 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешім атауы жаңа редакцияда – Алматы облысы Қонаев қаласы әкімінің 29.12.2022 № 12-23 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      "ҚазақстанРеспубликасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі ҚазақстанРеспубликасының Конституциялық Заңының 23-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қонаев қаласының аумағында сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Алматы облысы Қонаев қаласы әкімінің 29.12.2022 № 12-23 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      2. Қапшағай қаласы әкімінің келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қапшағай қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы" 2015 жылғы 19 қарашадағы №11-21 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3636 тіркелген, 2016 жылдың 15 қаңтарында "Нұрлы Өлке" газетінде жарияланған);

      2) "Қапшағай қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы" 2015 жылғы 19 қарашадағы №11-21 Қапшағай қаласының әкімінің шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2016 жылғы 02 ақпандағы № 02-02 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3692 тіркелген, 2016 жылдың 12 ақпанында "Нұрлы Өлке" газетінде жарияланған).

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің аппарат басшысы Е. Қожахметовке жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қапшағай қаласының әкімі Т. Қайнарбеков

  Қапшағай қаласы әкімінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 12-15 шешімімен бекітілген

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Алматы облысы Қонаев қаласы әкімінің 29.12.2022 № 12-23 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).


Қонаев қаласының аумағындағы сайлау учаскелері

      № 933 сайлау учаскесі.

      Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Қонаев қаласы, 1-шағын аудан, № 44, "Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ш.Уалиханов атындағы №2 гимназия" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, 1-шағын аудан: № 1, 2, 4, 5, 6, 20, 27-ден 32-ге дейін, 37-ден 38в-ға дейін; 2-шағын аудан: № 7, 8.

      № 934 сайлау учаскесі.

      Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Қонаев қаласы, 1-шағын аудан, "Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Гүлдер балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, 1-шағын аудан: № 7, 8, 10-нан 18-ге дейін, 21-ден 25-ке дейін, 41/1.

      № 935 сайлау учаскесі.

      Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Қонаев қаласы, 2-шағын аудан, № 26, "Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№3 орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, 2-шағын аудан: № 15, 20-дан 25-ке дейін, 29-дан 36-ға дейін.

      № 936 сайлау учаскесі.

      Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Қонаев қаласы, 3-шағын аудан, № 9, Жеке кәсіпкер "Малыш балабақшасы".

      Шекарасы: Қонаев қаласы, 1-шағын аудан: № 19, 26, 33, 3-шағын аудан: №1-ден 3-ке дейін, 10а, 10б, 10в, 11, 12, 14, 15.

      № 937 сайлау учаскесі.

      Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Қонаев қаласы, 2-шағын аудан, "Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Искорка балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, 2-шағын аудан: № 1, 2, 3, 3а, 4, 5, 6а, 6б, 37, 38, Қойшыманов, Энергетическая көшелері.

      № 938 сайлау учаскесі.

      Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Қонаев қаласы, Қойшыманов көшесі, № 10 "В", "Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Нұр-бөбек балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, "Ивушка" шағын ауданы, 1-шағын аудан: № 3, 9, Қонаев көшесі, Абай көшесі, Сейфуллин көшесі 3-тен 7-ге дейін, 9-дан 14-ке дейін, 26а, "Жұлдыз" шағын ауданы 1-ден 6-ға дейін.

      № 939 сайлау учаскесі.

      Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Қонаев қаласы, "Ивушка" шағын ауданы, "Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балауса балабақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, 18-шағын аудан толығымен.

      № 940 сайлау учаскесі.

      Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Қонаев қаласы, Октябрьская көшесі, № 24, "Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ы. Алтынсарин атындағы №1 орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, 19-шағын аудан толығымен.

      № 941 сайлау учаскесі.

      Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Қонаев қаласы, Сейфуллин көшесі, № 1, "Алматы облысы білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Қонаев қаласының көпсалалы колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, Сейфуллин көшесі № 1, 8, 8А, 8Б, 16, 16А, "Әсем-Тас" шағын ауданы, "Жұлдыз" шағын ауданы № 7-ден 9-ға дейін, офицерлік жатақхана, Индустриальная көшесі.

      № 942 сайлау учаскесі.

      Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Қонаев қаласы, Қонаев көшесі, №2, "Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Қонаев қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, 20-шағын аудан, Сейфуллин көшесі № 2, 2а, 2б, 2д, 9/1.

      № 943 сайлау учаскесі.

      Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Қонаев қаласы, Сейфуллин көшесі, № 28/1, "Қапшағай аймағының газ жүйелері" ЖШС.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, Железнодорожная, ВОХР, Сейфуллина № 88 көшелері, Спутник шағын ауданы.

      № 944 сайлау учаскесі.

      Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Қонаев қаласы, Құрама жем зауыты "AгроФуд" ЖШС, Железнодорожная көшесі № 25 Б.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, "Энергетик-1", "Заря", "Заря Капшагая", "Қапшағай Алтын-Алма", "Связист-1", "Қапшағай Энергетик-1", "Заря Восток", "Бірлесу" бағбандық серіктестіктері, Сейфуллина көшесі № 58, "Рауан" шағын ауданы.

      № 945 сайлау учаскесі.

      Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Қонаев қаласы, "Қапшағай бидай өнімдері" ЖШС, Железнодорожная көшесі № 25.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, "Строитель" бағбандық серіктестігі.

      № 946 сайлау учаскесі.

      Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Қонаев қаласы, 3-шағын аудан, "Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қасым Қайсенов атындағы №4 орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, 3-шағын аудан: № 4-тен 8-ге дейін, 16, 17, 20, 33, 34, 36-дан 43-ке дейін, 79.

      № 947 сайлау учаскесі.

      Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Қонаев қаласы, 5-шағын аудан, 1 ғимарат, 4 тұрғын емес бөлме, "Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі балық шаруашылығы комитетінің Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, 5-шағын аудан: № 2а, 2б, 2в, 3, 3/1, 4, 5 ,6, 9, 10-нан 13а-ға дейін, Қонаев көшесі 3.

      № 948 сайлау учаскесі.

      Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Қонаев қаласы, 3-шағын аудан, № 25, "Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Балалар шығармашылығы және жазғы демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, 3-шағын аудан: № 18, 19, 21-ден 23-ке дейін, 24а, 24б, 24г, 26, 27, 28а, 28б, 28в, 28г, 28д.

      № 949 сайлау учаскесі.

      Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Қонаев қаласы, Жамбыл көшесі, № 13/1, Қонаев қаласының Мәдениет үйі.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, 4-шағын аудан: № 1-ден 4-ке дейін, 6, 18,19,26, 2-шағын аудан 9-дан 14-ке дейін, 16, 16А, 18, 47, Жамбыл даңғылы.

      № 950 сайлау учаскесі.

      Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Қонаев қаласы, 4-шағын аудан, "Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Д.А. Қонаев атындағы №1 қазақ орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, 4-шағын аудан: № 10, 12, 13, 16, 20, 21, 23-тен 25-ке дейін, 27-ден 30-ға дейін, 35-тен 39-ға дейін, 46, 48, 53-тен 58-ге дейін, 61/1, 64, 66.

      № 951 сайлау учаскесі.

      Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Қонаев қаласы, 5-шағын аудан, Мостостроителей көшесі, №1, Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, 4-шағын аудан: № 41-ден 43-ке дейін, 5-шағын аудан:17,17б, 18-ден 22-ге дейін, Шенгелдинская, Зареченская, Капшагайская көшелері, 8, 10, 12, 12а, 12б, Восточный, "Гүлдер", "Арна" шағын аудандар.

      № 952 сайлау учаскесі.

      Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Қонаев қаласы, 5-шағын аудан, "Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ахмет Жұбанов атындағы №5 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, 5-шағын аудан:15, 23, 25, 27-ден 31-ге дейін, 33-тен 38-ге дейін, 40, 42, 44, 48а, 50А, 53, 55-тен 57-ге дейін; "Қарлығаш" шағын ауданы, Ветеринарлық станция көшесі.

      № 953 сайлау учаскесі.

      Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Заречное ауылы, Центральная көшесі, № 22, дәрігерлік амбулатория.

      Шекарасы: Заречное ауылы, Дзержинский, Советская, Садовая, Мира, Набережная, Абай, Маметова, Рысқұлов, Тәуелсіздік, Момышұлы, Наурызбай батыр, Центральная, Өтеген батыр, Жұлдыз, Райымбек батыр, Қорқыт ата, Әуезов, Алтынсарин, Жамбыл, Сүйінбай, Амангелды, Желтоқсан көшелері, шағын аудан: № 20, Іле станциясы.

      № 954 сайлау учаскесі.

      Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Заречное ауылы, Дзержинский көшесі, № 3а, "Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Заречный ауылындағы №12 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: Заречное ауылы, Весенняя, Школьная, Төле би, Құрманғазы, Рахымжанов көшелері, шағын аудан: № 1-ден 19-ға дейін, 21, ПожДепо.

      № 955 сайлау учаскесі.

      Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Арна ауылы, "Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Арна ауылындағы №11 орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: Арна ауылы.

      № 956 сайлау учаскесі.

      Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Шеңгелді ауылы, Бақтыбай ақын көшесі, Шеңгелді ауылының Мәдениет үйі.

      Шекарасы: Шеңгелді ауылы, Казахстанская, Қожахан баба, Қабан-Қаблиса, Момышұлы, Сейфуллин, Айымбетов, Жамбыл, Қадырғали Жалайыр, Сәтпаев, Өтеген Батыр, Мақатаев, Бражников, Малайсары, Бокин, Ехнич, Бақтыбай ақын, Балпық би, Бейбітшілік, Тәуелсіздік, Бөлек батыр, Қ.Күрішбаев, А. Жылқыбайұлы көшелері, Шолақ ауылы.

      № 957 сайлау учаскесі.

      Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Шеңгелді ауылы, Мақатаев көшесі, №10, "Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Шеңгелді ауылындағы Қ. Жалайыр атындағы №6 орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: Шеңгелді ауылы, Московская, Комсомольская, Райымбек, Ескелді би, Уәлиханов, Жиенқұлов, Б. Римова, Т. Тоқтаров, К. Тоқаев, Астана, М. Өзтүрік, Балуан Шолақ, Гвардейская көшелері, "Қайнар" ықшам ауданы.

      № 958 сайлау учаскесі.

      Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Кербұлақ ауылы, "Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Кербұлақ ауылындағы №7 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: Кербұлақ ауылы.

      № 959 сайлау учаскесі.

      Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Сарыбұлақ ауылы, Жалайыр көшесі, № 1, "Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сарыбұлақ ауылындағы №8 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: Сарыбұлақ ауылы.

      № 960 сайлау учаскесі.

      Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Қосқұдық станциясы, "Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Қосқұдық ауылындағы № 9 орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: Қосқұдық станциясы, Тасқұм, Құлантөбе, Бөктер разъездері.

      29. № 961 сайлау учаскесі.

      Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Ақөзек ауылы, "Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Ақөзек ауылындағы №10 орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі.

      Шекарасы: Ақөзек ауылы.

      № 962 сайлау учаскесі.

      Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Қонаев қаласы, 5-шағын аудан, №5а, Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қонаев қаласының көпсалалық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, 5-шағын аудан, № 5а.

      № 963 сайлау учаскесі.

      Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Қонаев қаласы, Қонаев көшесі, №10, "Шарапат" арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, Қонаев көшесі, № 10.

      № 964 сайлау учаскесі.

      Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Қонаев қаласы, "Жұлдыз" шағын ауданы, № 32363 әскери бөлімі.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, № 32363 әскери бөлімшесі.

      № 965 сайлау учаскесі.

      Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Заречное ауылы, № 3660 әскери бөлімі.

      Шекарасы: Заречное ауылы, № 3660 әскери бөлімшесі.

      № 980 сайлау учаскесі.

      Сайлау учаскесінің орналасқан жері: Қонаев қаласы, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы облысының Полиция департаменті Қонаев қалалық полиция басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      Шекарасы: Қонаев қаласы, Қонаев көшесі, № 14.

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады