"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 1-тармағына, "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 тіркелген) сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларына сәйкес Қапшағай қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері белгіленсін.
2. "Қапшағай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Алматы облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы қаулыны Қапшағай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде Қапшағай қаласы әкімі аппаратының заң, мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Қапшағай қаласы әкімдігінің "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" 2017 жылғы 23 ақпандағы № 127 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4151 тіркелген, 2017 жылдың 20 сәуірінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары Ильяс Сейтбекович Сугуровке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қапшағай қаласының әкімі | Т. Қайнарбеков |
Қапшағай қаласы әкімдігінің 2018 жылғы "29" қарашадағы "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" № 849 қаулысына 1-қосымша |
Қапшағай қаласы "Спутник" шағын ауданындағы № 4 орналасқан мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін тұрғын үйдің бір шаршы метр үшін айына төлемақы мөлшері
Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақының мөлшерін есептеу кезінде мынадай көрсеткіштер қолданылады:
А – кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері (айына бір шаршы метр үшін, теңге);
Ц – тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (теңге);
Т – ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі, жыл;
Р – пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөнделуіне, сондай-ақ жер учаскесін күтуіне қажетті көлемнің сомасы (айына бір шаршы метр үшін теңге).
Тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (Ц) ғимараттың құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес немесе ғимаратты мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша анықталады.
Ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (Т) "Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдық жөндеу" ҚР 1.04-26-2004 ҚН құрылыс нормаларына сәйкес анықталады.
Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
А= Ц/Т/12+Р
Ц = 99 069 560 теңге/1244 м2 (техникалық төлқұжат бойынша үйдің жалпы көлемі) = 79 638 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың құны (теңге);
Т = 125 жыл;
Р = 0 теңге;
А = 79638/125/12+0 = 53,1 теңге айына бір шаршы метрге.
Қапшағай қаласы әкімдігінің 2018 жылғы "29" қарашадағы "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" № 849 қаулысына 2-қосымша |
Қапшағай қаласы 2-шағын ауданындағы № 6 Б орналасқан, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін тұрғын үйдің бір шаршы метр үшін айына төлемақы мөлшері
Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақының мөлшерін есептеу кезінде мынадай көрсеткіштер қолданылады:
А – кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері (айына бір шаршы метр үшін, теңге);
Ц – тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (теңге);
Т – ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі, жыл;
Р – пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөнделуіне, сондай-ақ жер учаскесін күтуіне қажетті көлемнің сомасы (айына бір шаршы метр үшін теңге).
Тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (Ц) ғимараттың құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес немесе ғимаратты мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша анықталады.
Ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (Т) "Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдық жөндеу" ҚР 1.04-26-2004 ҚН құрылыс нормаларына сәйкес анықталады.
Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
А= Ц/Т/12+Р
Ц = 61 139 000 теңге/561,6 м2 (техникалық төлқұжат бойынша үйдің жалпы көлемі) = 108 865 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың құны (теңге);
Т = 125 жыл;
Р = 0 теңге;
А = 108 865/125/12+0 = 72,6 теңге айына бір шаршы метрге.
Қапшағай қаласы әкімдігінің 2018 жылғы "29" қарашадағы "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" № 849 қаулысына 3-қосымша |
Қапшағай қаласы "Спутник" шағын ауданындағы № 4/1 орналасқан мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін тұрғын үйдің бір шаршы метр үшін айына төлемақы мөлшері
Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақының мөлшерін есептеу кезінде мынадай көрсеткіштер қолданылады:
А – кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері (айына бір шаршы метр үшін, теңге);
Ц – тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (теңге);
Т – ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі, жыл;
Р – пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөнделуіне, сондай-ақ жер учаскесін күтуіне қажетті көлемнің сомасы (айына бір шаршы метр үшін теңге).
Тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (Ц) ғимараттың құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес немесе ғимаратты мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша анықталады.
Ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (Т) "Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдық жөндеу" ҚР 1.04-26-2004 ҚН құрылыс нормаларына сәйкес анықталады.
Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
А= Ц/Т/12+Р
Ц = 128 911 473 теңге/1318 м2 (техникалық төлқұжат бойынша үйдің жалпы көлемі) = 97 808 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың құны (теңге);
Т = 125 жыл;
Р = 0 теңге;
А = 97 808/125/12+0 = 65,2 теңге бір шаршы метр үшін айына.
Қапшағай қаласы әкімдігінің 2018 жылғы "29" қарашадағы "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" № 849 қаулысына 4-қосымша |
Қапшағай қаласы "Спутник" шағын ауданындағы № 2 орналасқан мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін тұрғын үйдің бір шаршы метр үшін айына төлемақы мөлшері
Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақының мөлшерін есептеу кезінде мынадай көрсеткіштер қолданылады:
А – кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері (айына бір шаршы метр үшін, теңге);
Ц – тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (теңге);
Т – ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі, жыл;
Р – пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөнделуіне, сондай-ақ жер учаскесін күтуіне қажетті көлемнің сомасы (айына бір шаршы метр үшін теңге).
Тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (Ц) ғимараттың құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес немесе ғимаратты мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша анықталады.
Ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (Т) "Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдық жөндеу" ҚР 1.04-26-2004 ҚН құрылыс нормаларына сәйкес анықталады.
Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
А= Ц/Т/12+Р
Ц = 662 635 337 теңге/7369,1 м2 (техникалық төлқұжат бойынша үйдің жалпы көлемі) = 89 920 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың құны (теңге);
Т = 125 жыл;
Р = 0 теңге;
А = 89 920/125/12+0 = 59,95 теңге айына бір шаршы метрге.
Қапшағай қаласы әкімдігінің 2018 жылғы "29" қарашадағы "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін белгілеу туралы" № 849 қаулысына 5-қосымша |
Қапшағай қаласы "Спутник" шағын ауданындағы № 3/1 орналасқан мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін тұрғын үйдің бір шаршы метр үшін айына төлемақы мөлшері
Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін алынатын төлемақының мөлшерін есептеу кезінде мынадай көрсеткіштер қолданылады:
А – кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері (айына бір шаршы метр үшін, теңге);
Ц – тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (теңге);
Т – ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі, жыл;
Р – пайдалануға, тұрғын үйдің ағымдағы және күрделі жөнделуіне, сондай-ақ жер учаскесін күтуіне қажетті көлемнің сомасы (айына бір шаршы метр үшін теңге).
Тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың (сатып алудың) құны (Ц) ғимараттың құрылысына арналған жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес немесе ғимаратты мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша анықталады.
Ғимараттың қызмет көрсету есептік мерзімі (Т) "Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдық жөндеу" ҚР 1.04-26-2004 ҚН құрылыс нормаларына сәйкес анықталады.
Кондоминиум объектісінің құрамына жатпайтын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін айына алынатын төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
А= Ц/Т/12+Р
Ц = 219 317 556 теңге/2444,9 м2 (техникалық төлқұжат бойынша үйдің жалпы көлемі) = 89 704 теңге тұрғын үйдің жалпы көлемінің бір шаршы метрін салудың құны (теңге);
Т = 125 жыл;
Р = 0 теңге;
А = 89 704/125/12+0 = 59,8 теңге айына бір шаршы метрге.