Алакөл аудандық мәслихатының "Алакөл ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 32-6 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Алакөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 22 қарашадағы № 42-2 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 26 қарашада № 4885 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Алакөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алакөл аудандық мәслихатының "Алакөл ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 32-6 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4663 тіркелген, 2018 жылдың 11 мамырында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алакөл аудандық мәслихаты аппаратының басшысы О. Ахметқалиевке жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алакөл аудандық мәслихатының сессия төрағасы А. Слямов
      Алакөл аудандық мәслихатының хатшысы С. Жабжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады