Мыңбаев ауылдық округінің жаңа көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 12-108 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 14 қаңтарда № 4999 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Мыңбаев ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 26 қырқүйектегі Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мыңбаев ауылдық округінің батысында орналасқан жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін: Достық, Астана, Бәйтерек, Ханшатыр, Көкжиек, Желтоқсан, Үштөбе, Жастар, Ақжайық.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мыңбаев ауылдық округінің әкімі Д. Баяманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады