Рахат ауылдық округінің Қайназар, Азат, Рахат, Өрікті ауылдарындағы көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 87 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 27 қарашада № 4890 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Рахат ауылдық округінің халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 26 маусымдағы қорытындысы негізінде, Рахат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қайназар ауылындағы "Парниковая" көшесі "Бірлік" көшесіне, "Дружба" көшесі "Береке" көшесіне, "Западная" көшесі "Болашақ" көшесіне, "Подгорная" көшесі "Тарбағатай" көшесіне, "Газовая" көшесі "Сайран" көшесіне, "Ленина" көшесі "Байқоңыр" көшесіне, "Дачная" көшесі "Жетісу" көшесіне, "Новостройка" көшесі "Шыңғыстау" көшесіне;

      Азат ауылындағы "Садовая" көшесі "Ұлытау" көшесіне, "Комсомольская" көшесі "Алаш" көшесіне, "Подгорная" көшесі "Көктөбе" көшесіне, "Новостройка" көшесі "Түркістан" көшесіне, "Виноградная" көшесі "Шарын" көшесіне, "Пионерская" көшесі "Қазығұрт" көшесіне, "Школьная" көшесі "Бәйтерек" көшесіне;

      Рахат ауылындағы "Подгорная" көшесі "Алатау" көшесіне, "Восточная" көшесі "Алтай" көшесіне, "Партизанская" көшесі "Алтынемел" көшесіне, "Новостройка" көшесі "Ынтымақ" көшесіне;

      Өрікті ауылындағы "Юбилейная" көшесі "Жетісу" көшесіне, "Подгорная" көшесі "Тау самалы" көшесіне, "Молодежная" көшесі "Жас қыран" көшесіне, "Новая" көшесі "Бәйтерек" көшесіне, "Пролетарская" көшесі "Алтын Орда" көшесіне, "Советская" көшесі "Хан Тәңірі" көшесіне, "Новостройка" көшесі "Самұрық" көшесіне, "Набережная" көшесі "Алатау" көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рахат ауылдық округінің әкімі Қ. Ақшабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады