Ташкенсаз ауылдық округінің Ташкенсаз және Баяндай ауылдарындағы көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Ташкенсаз ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 55 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2019 жылы 17 қаңтарда № 5013 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес Ташкенсаз ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 26 қыркүйектегі Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Еңбекшіқазақ ауданы Ташкенсаз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ташкенсаз ауылдық округі Ташкенсаз ауылындағы "Мира" көшесі "Береке" көшесіне, "Комсомольская" көшесі "Еңбек" көшесіне, "Интернациональная" көшесі "Бірлік" көшесіне, "Советская" көшесі "Жеңіс" көшесіне, "Луговая" көшесі "Кеңсай" көшесіне, "Богарная" көшесі "Табыс" көшесіне, "Полевая" көшесі "Бастау" көшесіне, "Новая-1" көшесі "Жаңғыру" көшесіне қайта аталсын.

      2. Ташкенсаз ауылдық округі Баяндай ауылындағы "Набережная" көшесі "Жетісу" көшесіне қайта аталсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкiмi Э. Масутова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады