Энергетический ауылдық округінің көшелерін қайта атау және жаңа көшесіне атау беру туралы

Жаңа

Алматы облысы Іле ауданы Энергетический ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 27 тамыздағы № 3 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 11 қыркүйекте № 4826 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Энергетический ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 26 наурыздағы Алматы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Іле ауданы, Энергетический ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Энергетический ауылдық округінің келесі көшелері қайта аталсын:

      1) Өтеген батыр кентінің шығысында орналасқан "Калинин" көшесі "Жерұйық" көшесіне;

      2) Покровка кентінің шығысында орналасқан "Космонавтов" көшесі "Байқоңыр" көшесіне, "Луговая" көшесі "Достық" көшесіне, "Мир" көшесі "Бейбітшілік" көшесіне, "Молодежная" көшесі "Бәйтерек" көшесіне, "Садовая" көшесі "Егемендік" көшесіне, "Центральная" көшесі "Шұғыла" көшесіне;

      3) "Арман" ықшам ауданының шығысында орналасқан "70 лет ВЛКСМ" көшесі "Көктөбе" көшесіне, "Советская" көшесі "Бірлік" көшесіне, "Стройтельная" көшесі "Алтын орда" көшесіне.

      2. Энергетический ауылдық округінің "Гүлдер" ықшам ауданының шығысында орналасқан жаңа көшесіне "Манас" атауы берілсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Энергетический ауылдық округі әкімі С. Закиржанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады