Чапаев ауылдық округінің көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Іле ауданы Чапаев ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 22 қарашадағы № 5 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 11 желтоқсанда № 4949 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Чапаев ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 26 наурыздағы Алматы облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Іле ауданы Чапаев ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Чапаев ауылдық округінің келесі көшелері қайта аталсын:

      1) Чапаев ауылының орталығында орналасқан "Мир" көшесі "Бейбітшілік" көшесіне;

      2) Чапаев ауылының солтүстігінде орналасқан "Юбилейная" көшесі "Жерұйық" көшесіне;

      3) Чапаев ауылының орталығында орналасқан "Чапаев" көшесі "Өркениет" көшесіне;

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Чапаев ауылдық округінің әкімі Б. Жумабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады