"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі белгіленсін.
2. "Қарасай аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы қаулыны Қарасай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қарасай ауданы әкімінің аппараты заң және мемлекеттік-құқықтық бөліміне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасай ауданы әкімінің орынбасары М. Амиргалиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарасай ауданының әкімі | Ж. Далабаев |
Қарасай ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "12" шілдедегі № 322 қаулысына қосымша |
Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін | Таза кіріс сомасынан 5 пайыз |
Таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін | 150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз |
Таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін | 4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз |
Таза кіріс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін | 34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 25 пайыз |
Таза кіріс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін | 97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 30 пайыз |
Таза кіріс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары | 247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 50 пайыз |