Қарасай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 28 сәуірдегі "Қарасай ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" № 28-5 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Қарасай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 8 тамыздағы № 33-5 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 11 қыркүйекте № 4822 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қарасай аудандық мәслихатының "Қарасай ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 28-5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4689 тіркелген, 2018 жылдың 18 мамырында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарасай аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Қ. Әбілбековке жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қарасай аудандық мәслихатының сессия төрағасы Қ. Баяманов
      Қарасай аудандық мәслихатының хатшысы А. Көшкімбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады