Қаратал аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 2018 жылғы 11 сәуірдегі № 32-141 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 24 сәуірде № 4657 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қаратал аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қаратал аудандық мәслихатының аппарат басшысы Абдыкаликова Роза Мырзакановнаға жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

      Қаратал аудандық мәслихаттың сессия төрағасы Т. Цой
      Қаратал аудандық мәслихаттың хатшысы Б. Смаилов

 
  Қаратал аудандық мәслихатының 2018 жылғы "11" сәуірдегі № 32-141 шешіміне қосымша

Қаратал аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылатын кейбір шешімдердің тізбесі

      1. "Қаратал ауданының 2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 15-53 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4037 тіркелген 2017 жылдың 6 қаңтарында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2. "Қаратал аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы "Қаратал ауданының 2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" № 15-53 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 2 наурыздағы № 16-57 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4136 тіркелген, 2017 жылдың 30 наурызында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      3. "Қаратал аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы "Қаратал ауданының 2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" № 15-53 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 8 маусымдағы № 18-75 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4234 тіркелген, 2017 жылдың 12 шілдесінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      4. "Қаратал аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы "Қаратал ауданының 2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" № 15-53 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 18 тамыздағы № 21-86 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4309 тіркелген, 2017 жылдың 6 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      5. "Қаратал аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы "Қаратал ауданының 2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" № 15-53 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 31 қазандағы № 23-96 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4366 тіркелген, 2017 жылдың 24 қарашасында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияанлған);

      6. "Қаратал аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 желтоқсандағы "Қаратал ауданының 2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы" № 15-53 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 25-106 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4434 тіркелген, 2017 жылдың 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады