Балпық ауылдық округінің Жаңаталап ауылындағы Ильин, Қантбай Үсенов көшелерінің № 2 отарына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қаратал ауданы Балпық ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 29 тамыздағы № 7 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 6 қыркүйекте № 4815 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы Балпық ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал ауданы Балпық ауылдық округі әкімінің 12.12.2018 № 13 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қаратал ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 26 шілдедегі № 6 ұсынысының негізінде, Балпық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қаратал ауданының Балпық ауылдық округінің Жаңаталап ауылындағы Ильин, Қантбай Үсенов көшелерінің № 2 отарында ұсақ мүйізді малдардың арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімін орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Балпық ауылдық округінің әкімі Р. Тасыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады