Балпық ауылдық округінің Жаңаталап ауылындағы Ильин, Қантбай Үсенов көшелерінің № 2 отарына шектеу іс-шараларын тоқтату туралы

Жаңа

Алматы облысы Қаратал ауданы Балпық ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 13 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 19 желтоқсанда № 4964 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қаратал ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 13 қарашадағы № 12 ұсынысының негізінде, Балпық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қаратал ауданының Балпық ауылдық округінің Жаңаталап ауылындағы Ильин, Қантбай Үсенов көшелерінің № 2 отарында ұсақ мүйізді малдардың арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Балпық ауылдық округі әкімінің "Балпық ауылдық округінің Жаңаталап ауылындағы Ильин, Қантбай Үсенов көшелерінің № 2 отарына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" 2018 жылғы 29 тамыздағы № 7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4815 тіркелген, 2018 жылдың 14 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Балпық ауылдық округінің әкімі Р. Тасыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады