Ескелді ауылдық округінің Ескелді ауылындағы көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Қаратал ауданы Ескелді ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 23 қарашадағы № 30 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 19 желтоқсанда № 4954 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ескелді ауылдық округінің Ескелді ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 26 наурыздағы қорытындысы негізінде, Қаратал ауданы Ескелді ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ескелді ауылдық округінің Ескелді ауылындағы "Стадионная" көшесі "Стадион" көшесіне, "Интернациональная" көшесі "Болашақ" көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ескелді ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А. Мусабаеваға жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімінің міндетін атқарушы А. Мусабаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады