Қаратал ауданының Бастөбе ауылдық округінің Ортатөбе, Кішітөбе, Жылыбұлақ ауылдарының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Қаратал ауданы Бастөбе ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 55 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 28 желтоқсанда № 4984 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бастөбе ауылдық округінің Ортатөбе, Кішітөбе, Жылыбұлақ ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 26 наурыздағы қорытындысы негізінде, Қаратал ауданы Бастөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бастөбе ауылдық округінің келесі көшелері қайта аталсын:

      1) Ортатөбе ауылындағы "Зеленая" көшесі "Көктал" көшесіне, "Мельничная" көшесі "Болашақ" көшесіне, "Западная" көшесі "Береке" көшесіне, "Жаңа" көшесі "Жібек жолы" көшесіне;

      2) Кішітөбе ауылындағы "Комсомольская" көшесі "Ынтымақ" көшесіне;

      3) Жылыбұлақ ауылындағы "Мир" көшесі "Бейбітшілік" көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күтнізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бастөбе ауылдық округінің әкімі Э. Ким

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады