"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Сарыөзек ауылдық округінің Сарыөзек ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 26 қыркүйектегі қорытындысы негізінде, Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :
1. Сарыөзек ауылдық округінің Сарыөзек ауылындағы келесі көшелер:
1) "ПДУ" көшесі "Тұран" көшесіне;
2) "СОРЭС" көшесі "Самұрық" көшесіне;
3) "Советская" көшесі "Жеңіс" көшесіне;
4) "Гвардейская" көшесі "Алатау" көшесіне;
5) "Нефтебаза" көшесі "Үркер" көшесіне;
6) "Железнодорожная" көшесі "Алтынемел" көшесіне;
7) "Нагорная" көшесі "Алаш" көшесіне;
8) "Крупская" көшесі "Жерұйық" көшесіне;
9) "Кутузов" көшесі "Шаңырақ" көшесіне;
10) "Менделеев" көшесі "Арқарлы" көшесіне;
11) "Тимирязев" көшесі "Болашақ" көшесіне қайта аталсын.
2. Сарыөзек ауылдық округінің Сарыөзек ауылындағы көшелерге келесі атаулар берілсін:
1) Сарыөзек ауылының оңтүстік-батысында орналасқан бірінші көшеге "Тезек Төре", екінші көшеге "Қазақстан", үшінші көшеге "Мәңгілік Ел", төртінші көшеге "Тәуелсіздік", бесінші көшеге "Астана", жетінші көшеге "Достық", сегізінші көшеге "Бірлік";
2) Сарыөзек ауылының батысында орналасқан тоғызыншы көшеге "Жолашар", оныншы көшеге "Ұлы Дала", он бірінші көшеге "Күреңбел", он екінші көшеге "Баққоныс".
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды Сарыөзек ауылдық округі әкімінің орынбасары Л.Толегеноваға жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Сарыөзек ауылдық округінің әкімі | Б. Турсынбаев |