"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Басши ауылдық округі Басши ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 26 қыркүйектегі қорытындысы негізінде, Кербұлақ ауданы Басши ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Басши ауылдық округінің Басши ауылындағы "Заречный" көшесі "Достық" көшесіне, "Калинин" көшесі "Алтынемел" көшесіне қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | Т. Бекмурза |