Көшелерге атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Панфилов ауданы Басқұншы ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 6 желтоқсандағы № 96 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 20 желтоқсанда № 4970 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Басқұншы ауылдық округінің Алмалы ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 26 қыркүйектегі қорытындысы негізінде, Панфилов ауданы Басқұншы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Басқұншы ауылдық округінің Алмалы ауылындағы № 1 көшесіне "Достық" атауы берілсін.

      2. Басқұншы ауылдық округінің Алмалы ауылындағы "Жастар-1" көшесі "Береке" көшесіне қайта аталсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Округ әкімі С. Медетбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады