Бірлік ауылдық округінің Алтыүй ауылындағы көшені қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Панфилов ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 10 қыркүйектегі № 5 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 1 қазанда № 4840 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бірлік ауылдық округінің Алтыүй ауылы халқының пікірін ескере отырып және Алматы облысының ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 26 наурыздағы қорытындысы негізінде, Панфилов ауданы Бірлік ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бірлік ауылдық округінің Алтыүй ауылындағы "Шығыс" көшесі "Тұрсын Имяров" көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Округ әкімі Р. Аульбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады