Алматы облысы Сарқан ауданы Сарқан қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы

Жаңа

Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 қарашадағы № 49-207 шешімі және Алматы облысы Сарқан ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 8 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 6 желтоқсанда № 4930 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Сарқан қаласы халқының пікірін ескере отырып және 2018 жылғы 26 маусымдағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Сарқан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сарқан ауданы Сарқан қаласындағы солтүстік-батысында орналасқан "М. Горький" көшесі "Күмісбек Буашев" көшесіне қайта аталсын.

      2. Осы бірлескен шешім мен қаулыны орындалуын бақылау Сарқан аудандық мәслихатының "Депутаттар өкілеттігі, заңдылық, заң тәртібін сақтау, әлеуметтік саясат, жастар және қоғамдық ұйымдармен байланыс жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен шешім мен қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сарқан аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы Е. Мадьяров
      Сарқан ауданының әкімі М. Разбеков
      Сарқан аудандық мәслихатының
      хатшысы К. Абдрахманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады