Талғар ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы

Жаңа

Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 маусымдағы № 31-153 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 10 шілдеде № 4762 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Талғар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Талғар ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесі бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талғар аудандық мәслихаты аппаратының басшысы А. Умирзақовқа жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Б. Құдабаев
      Аудандық мәслихат
      хатшысы Ж. Еңкебайұлы

  Талғар аудандық мәслихатының 2018 жылғы "25" маусымдағы № 31-153 шешімімен бекітілген

Талғар ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Талғар ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және Талғар ауданының Құрмет грамотасымен наградтау тәртібін айқындайды.

      2. Талғар ауданының Құрмет грамотасы (бұдан әрі – Құрмет грамотасы) маңызды моральдық ынталандырма, азаматтардың жемісті қызметін қоғамның мойындауын білдіру болып табылады.

      3. Құрмет грамотасымен қызмет саласында кем дегенде 5 жыл қызмет өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтары экономикадағы, әлеуметтiк саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегi, бiлiм берудегi, денсаулық сақтаудағы, әскери және мемлекеттiк қызметтегi, қоғамдық, мемлекеттiк, қайырымдылық қызметтегi елеулi жетiстiктерi үшiн наградталады.

2. Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі

      4. Талғар ауданы әкіміне наградтауға ұсынысты жергілікті өкілді және атқарушы органдар, шығармашылық одақтар, еңбек ұжымдары және басқа да ұйымдар енгізеді.

      5. Құрмет грамотасымен наградтау туралы қолдау хат тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда), туылған күнін, білімі туралы мәліметтерді, жұмыс орнын (жарғылық құжаттарына сәйкес ұйымның толық атауын және қолдау хат енгізілген күндегі атқаратын лауазымының толық атауын көрсете отырып), еңбек қызметі туралы, наградалары мен құрметті атақтары туралы мәліметтерді көрсете отырып мемлекеттік және орыс тілдерінде рәсімделеді.

      6. Дұрыс рәсімделмеген және наградтауға дейін он жұмыс күннен кем мерзімде келіп түскен қолдау хат Талғар ауданы әкімінің қарауына қабылданбайды.

      7. Кезекті наградаға ұсыну алдыңғы наградттау күнінен бастап бес жыл өткен соң ғана мүмкін.

      8. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргізіледі.

      Құрмет грамотасын Талғар ауданының әкімі тапсырады, сондай-ақ Талғар ауданы әкімінің атынан және оның тапсыруы бойынша Құрмет грамотасын ауылдық округ әкімдері және Талғар ауданының әкімі уәкілдік берген басқа да тұлғалар тапсыра алады.

      9. Құрмет грамотасына Талғар ауданы әкімінің қолы қойылады.

      10. Құжаттарды жүргізуді және есепке алуды Талғар ауданы әкімінің аппаратымен жүзеге асырылады.

      11. Құрмет грамотасының тапсырылғаны туралы тапсыру хаттамасы жасалады, награданы тапсырған тұлғанын қолы қойылады және награданы тапсырған органның мөрімен бекітіледі және үш жұмыс күні ішінде Талғар ауданы әкімі аппаратына жолданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады