Ұйғыр ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2018 жылғы 19 қазандағы № 6-39-232 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2018 жылы 4 желтоқсанда № 4921 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 2024 жылғы 5 ақпандағы № 8-17-88 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Ұйғыр аудандық мәслихатының 05.02.2024 № 8-17-88 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Ұйғыр аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ұйғыр ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ұйғыр аудандық мәслихатының "Заңдылық пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы, жергілікті өзін-өзі басқару, ауылшаруашылық, жер қатынастары, экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұйғыр аудандық
      мәслихатының сессия төрағасы З. Тохсунов
      Ұйғыр аудандық
      мәслихатының хатшысы Н. Есжан

  Ұйғыр аудандық мәслихатының 2018 жылғы "19" қазандағы № 6-39-232 шешіміне қосымша

Ұйғыр ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтардың жинақталған обьектілер

Есептік бірлік

Жылдық жинақталу нормалары м³

1

Жайлы және
жайлы емес үйлер

1 тұрғын
1 тұрғын

1,70

2

Жатақханалар, интернаттар

1орын

0,69

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

0,89

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,59

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

0,90

6

Емханалар

1 адам

0,02

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

0,64

8

Мектептер және басқа да оқу орындары

1 оқушы

0,20

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 орын

1,45

10

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

0,02

11

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м²

0,03

12

Азық-түлік дүкендері

Сауда алаңы 1 м²

0,93

13

Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер

Сауда алаңы 1 м²

0,66

14

Базарлар, сауда павилондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м²

0,45

15

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м²

0,67

16

Автотұрақтар, автомобилдерді жуу орындары, АЖС, гараждар

1 автокөлік-орын

6,32

17

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

1,80

18

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орыны

1,09

19

Химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техникалық жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м²

0,36

20

Зергерлік, аяқ киім, сағаттар жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м²

0,25

21

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау)

1 жұмыс орыны

0,26

22

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м²

0,52

23

Бақша егу кооперавтирі

1 телім

1,33

      Аббривиатуралардың толық жазылуы:

      м² – шаршы метр;

      м³ – текше метр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады