Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кеген аудандық мәслихатының 19.08.2020 № 38-131 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Кеген аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кеген ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу үшін аудандық бюджет қаражаты есебінен жылына бір рет бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кеген аудандық мәслихатының "Әлеуметтік-мәдени даму, құқық, қоғамдық бірлестіктермен жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | |
сессия төрағасы | С. Саниязов |
Аудандық мәслихаттың | |
хатшысы | Н. Советов |