Сноска. Утратило силу решением Кегенского районного маслихата Алматинской области от 19.08.2020 № 38-131 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Кеген аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кеген ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласының педагог жұмыскерлеріне коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша аудандық бюджет қаражаты есебінен, жылына бір рет бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кеген аудандық мәслихатының "Әлеуметтік-мәдени даму, құқық, қоғамдық бірлестіктермен жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | |
сессия төрағасы | С. Саниязов |
Аудандық мәслихаттың | |
хатшысы | Н. Советов |