Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы

Жаңартылған

Шымкент қаласы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 12 қарашадағы № 248 қаулысы. Түркістан облысы Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 14 қарашада № 4778 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 8-бабының 1-тармағының 20-4) тармақшасына сәйкес Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Шымкент қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;

      4) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Қ.Нұртайға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2018 жылғы "12" қараша
№ 248 қаулысына қосымша

Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шымкент қаласы әкімдігінің 19.06.2024 № 2932 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Олимпиадалық спорт түрлері, Паралимпиада, Сурдлимпиада және паралимпиадалық емес спорт түрлері бойынша ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері

Жарыс атауы

Жүлделі орын

Төлем мөлшері
(айлық есептік көрсеткіш)

Спортшы

Жаттықтырушы

Клубтық команданың жетекшісі

1

Олимпиада ойындары, Паралимпиада ойындары, Сурдлимпиада ойындары (жазғы, қысқы)

1-орын

500 АЕК

130 АЕК

130 АЕК

2-орын

300 АЕК

110 АЕК

110 АЕК

3-орын

250 АЕК

90 АЕК

90 АЕК

2

Әлем чемпионаты (ересектер арасында)

1-орын

150 АЕК

100 АЕК

100 АЕК

2-орын

125 АЕК

80 АЕК

80 АЕК

3-орын

100 АЕК

65 АЕК

65 АЕК

3

Азия ойындары (жазғы, қысқы), Пара Азия ойындары (жазғы, қысқы), Дүниежүзілік Универсиада (жазғы, қысқы)

1-орын

130 АЕК

80 АЕК

80 АЕК

2-орын

110 АЕК

60 АЕК

60 АЕК

3-орын

100 АЕК

40 АЕК

40 АЕК

4

Жасөспірімдердің Олимпиада ойындары (жазғы, қысқы), Азия чемпионаты (ересектер арасында), Әлем чемпионаты (жастар арасында)

1-орын

90 АЕК

50 АЕК

50 АЕК

2-орын

75 АЕК

40 АЕК

40 АЕК

3-орын

60 АЕК

30 АЕК

30 АЕК

5

Әлем чемпионаты (жасөспірімдер арасында), Азия чемпионаты (жастар арасында)

1-орын

60 АЕК

40 АЕК

40 АЕК

2-орын

50 АЕК

30 АЕК

30 АЕК

3-орын

40 АЕК

25 АЕК

25 АЕК

6

Қазақстан Республикасының чемпионаты (ересектер арасында), Қазақстан Республикасының спартакиадасы (жазғы, қысқы)

1-орын

80 АЕК

30 АЕК

30 АЕК

2-орын

65 АЕК

25 АЕК

25 АЕК

3-орын

50 АЕК

20 АЕК

20 АЕК

7

Жастар ойындары (жазғы, қысқы), Қазақстан Республикасының чемпионаты (жастар арасында)

1-орын

40 АЕК

25 АЕК

25 АЕК

2-орын

30 АЕК

20 АЕК

20 АЕК

3-орын

20 АЕК

15 АЕК

15 АЕК

Олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлері спорт түрлері бойынша ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері

Жарыс атауы

Жүлделі орын

Төлем мөлшері
(айлық есептік көрсеткіш)

Ұлттық спорт түрлері бойынша

Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша *

Басқа спорт түрлері бойынша **

1

Әлем чемпионаты (ересектер арасында)

1-орын

120 АЕК

80 АЕК

70 АЕК

2-орын

100 АЕК

60 АЕК

50 АЕК

3-орын

80 АЕК

40 АЕК

30 АЕК

3

Азия ойындары (жазғы, қысқы)

1-орын

100 АЕК

80 АЕК

-

2-орын

80 АЕК

60 АЕК

-

3-орын

60 АЕК

40 АЕК

-

4

Азия чемпионаты (ересектер арасында), Әлем чемпионаты (жастар арасында)

1-орын

80 АЕК

60 АЕК

50 АЕК

2-орын

65 АЕК

50 АЕК

40 АЕК

3-орын

50 АЕК

40 АЕК

30 АЕК

5

Әлем чемпионаты (жасөспірімдер арасында), Азия чемпионаты (жастар арасында)

1-орын

60 АЕК

40 АЕК

-

2-орын

50 АЕК

30 АЕК

-

3-орын

30 АЕК

25 АЕК

-

6

Қазақстан Республикасының чемпионаты (ересектер арасында), Қазақстан Республикасының спартакиадасы (жазғы, қысқы)

1-орын

60 АЕК

50 АЕК

40 АЕК

2-орын

45 АЕК

40 АЕК

30 АЕК

3-орын

35 АЕК

30 АЕК

20 АЕК

7

Жастар ойындары (жазғы, қысқы), Қазақстан Республикасының чемпионаты (жастар арасында)

1-орын

40 АЕК

25 АЕК

20 АЕК

2-орын

30 АЕК

-

-

3-орын

20 АЕК

-

-

      Ескертпе:

      Төлемдер спортшы және оның жаттықтырушысымен келісім шартқа сәйкес спорттық дайындықты жалғастарған жағдайда келесі сәйкес жарыстарға дейін жүзеге асырылатын болады. Егер спортшы (немесе жаттықтарушы) бір жылдың ішінде спорттық жарыстарда, оның ішінде әртүрлі спорт түрлері бойынша бірнеше жоғары нәтиже көрсетсе, онда ақшалай жабдықталым мөлшерлері спорт түрлері бойынша ең жоғары көрсеткіштің бірі бойынша жүргізіледі.

      * - Азия ойындары құрамына кіретін, Халықаралық олимпиада комитетімен белгіленген олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерлері;

      ** - Азия ойындары құрамына кірмейтін, Халықаралық олимпиада комитетімен белгіленбеген, олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады