Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 19.10.2018 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2018 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері мен көлемдерін және өлшемшарттар мен талаптарын бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы №11 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3710 болып тіркелген, 2018 жылдың 28 ақпанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Мұсаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Мырзахметов |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 94 қаулысына қосымша |
|
Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 11 қаулысымен бекітілген |
2018 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | Субсидия көлемі, теңге |
Етті, етті-сүтті және сүтті мал шаруашылығы | ||
1. | Асыл тұқымдық және селекциялық жұмыс жүргізуге кеткен шығындарды арзандату (тауарлы және асыл тұқымды аналық бас) | 535 372 000 |
2. | Отандық шаруашылықтардан және импортталған асыл тұқымды етті және сүтті бағыттағы ірі қара мал сатып алуға кеткен шығындарды арзандату | 589 900 000 |
Барлығы: | 1 125 272 000 | |
Мал шаруашылығы | ||
1. | Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру шығындарын арзандату | 50 768 000 |
2. | Қоғамдық және тауарлы табындарда етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқаларын күтіп-бағу шығындарын арзандату | 50 000 000 |
Барлығы: | 100 768 000 | |
Қой шаруашылығы | ||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге кеткен шығындарды арзандату | 524 598 000 |
2. | Асыл тұқымды қой сатып алуға кеткен шығындарды арзандату | 272 060 000 |
Барлығы: | 796 658 000 | |
Жылқы шаруашылығы | ||
1. | Асыл тұқымды жылқы сатып алуға кеткен шығындарды арзандату | 15 000 000 |
Барлығы: | 15 000 000 | |
Бал ара шаруашылығы | ||
1. | Балара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге кеткен шығындарды арзандату | 10 000 000 |
Барлығы: | 10 000 000 | |
Етті мал шаруашылығы | ||
1. | 100 бастан бастап, бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату | 863 685 000 |
2. | Ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату | 60 000 000 |
Барлығы: | 923 685 000 | |
Сүтті мал шаруашылығы: | ||
1. | Сүт өндіру мен дайындаудың құнын арзандату (бағымдағы мал басы 400 және 50 бастан басталатын шаруашылықтар) | 97 000 000 |
2. | Ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін сүт өндіру мен дайындаудың құнын арзандату | 60 000 000 |
Барлығы: | 157 000 000 | |
Етті құс шаруашылығы: | ||
1. | Құс (бройлер) етін өндіру құнын арзандату | 100 000 000 |
Барлығы: | 100 000 000 | |
Жұмыртқалы құс шаруашылығы: | ||
1. | Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату | 50 017 000 |
2. | Бөдене жұмыртқаларын өндіру құнын арзандату | 1 600 000 |
Барлығы: | 51 617 000 | |
Шошқа шаруашылығы: | ||
1. | Шошқа етін өндіру құнын арзандату | 45 000 000 |
Барлығы: | 45 000 000 | |
Қой шаруашылығы: | ||
1. | Қозы етін өндіру құнын арзандату | 80 000 000 |
2. | Қайта өңдеуге өткізілген биязы және жартылай биязы жүн өндіру құнын арзандату | 40 000 000 |
Барлығы: | 120 000 000 | |
Жылқы шаруашылығы: | ||
1. | Бие сүтін өндіру және қайта өндеу құнын арзандату | 10 000 000 |
2. | Жылқы етін өндіру құнын арзандату | 20 000 000 |
Барлығы: | 30 000 000 | |
Азық өндіру: | ||
1. | Мал шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін құрама жем зауыттары өткізген құрама жем құнын арзандату | 25 000 000 |
Барлығы: | 25 000 000 | |
Жиыны: | 3 500 000 000 |