"Талас аудандық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Талас аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы №29-8 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облыстық мәслихатының 2018 жылғы 25 тамыздағы № 26-4 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 11 қазанда № 3965 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 4-2) тармақшасына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жамбыл облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидаларын бекіту туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы № 12-16 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3484 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде 2017 жылдың 26 шілдесінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Жамбыл облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидаларының:

      47 тармағы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:

      "47. Ғимараттардың және құрылыстардың қасбетіне инженерлік жабдықтардың элементтерін (деректерді қабылдау антенналарын, ауаны қалыпқа келтіру жүйелерін) орналастыру нысанның жалпы сәулет келбетіне жағымсыз әсер келтірмеуі керек.

      Балкондарда, лоджияларда, есіктерде, ғимараттардың көрмелерінде, коммерциялық нысандарда, дүнгіршектерде, тұрғын үйлер мен басқа да нысандардың көшеге қарайтын қасбетіне баннерлерді, планшеттерді, парақтарды орналастыруға және ілуге рұқсат етілмейді.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл облыстық мәслихаттың кәсіпкерлікті қолдау, құрылыс, көлік және коммуналдық салаларды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың хатшысы Б. Қарашолақов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Денсаулық

      сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық

      сақтау комитетінің Жамбыл облысы

      қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің

      басшысы

      _________________ Б.Қ. Жарқынбеков

      "____" ______________ 2018 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жамбыл облысы әкімдігінің

      сәулет және қала құрылысы

      басқармасы басшысының

      міндетін атқарушы

      __________________ Д.І. Досанов

      "____" ______________ 2018 жыл

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жамбыл облысы әкімдігінің

      энергетика және тұрғын

      үй-коммуналдық шаруашылық

      басқармасының басшысы

      _________________ Н.Ж. Алдамжаров

      ______________2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады