"2018 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 19 қазандағы №192 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 259 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 14 желтоқсанда № 4032 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2018 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 19 қазандағы №192 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3971 болып тіркелген, 2018 жылдың 25 қазанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Шүкеевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы Б.Орынбеков

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2018 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 259 қаулысына қосымша

2018 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

Субсидиялау бағыты

Субсидия көлемі, мың теңге

Етті, сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

1.

Етті мал шаруашылығында селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу


1.1

Тауарлық аналық бас

27300

1.2

Асыл тұқымды аналық бас

10300

2.

Етті, сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығында селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу (тауарлы және асыл тұқымды аналық бас, базалық және қосымша норматив бойынша)

995 372

3.

Қоғамдық және тауарлы табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті, сүтті және сүтті-етті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу

85 700

4.

Отандық шаруашылықтардан асыл тұқымды етті, сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара мал сатып алу

589 900

5.

Импорттық етті бағыттағы асыл тұқымды немесе таза тұқымды аналық мал басын сатып алу

450 000

6.

Аустралия, АҚШ және Канада мен Еуропа елдерінен импортталған асыл тұқымды сүтті бағыттағы аналық мал басын сатып алу

43 650

7.

Сыйымдылығы бір уақытта кемінде 1000 бас болатын бордақылау алаңдарына бордақылау үшін өткізілген бұқашықтардың құнын арзандату

80 000

8.

Бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату

863 685

9.

Ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату

120 360

10.

Жеке қосалқы шаруашылықтарда және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру шығындарын арзандату

53932,032

11.

Сүт өндіру құнын арзандату:


11.1

Бағымдағы мал басы 400 және 50 бастан басталатын шаруашылықтар

157 000

 11.2

Ауыл шаруашылығы кооперативі

70 003,119

Етті құс шаруашылығы

1.

Құс етін өндіру құнын арзандату

140 000

Жұмыртқалы құс шаруашылығы

1.

Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату

90 017

2.

Бөдене жұмыртқаларын өндіру құнын арзандату

704,008

Шошқа шаруашылығы

1.

Шошқа етін өндіру құнын арзандату

42 931,092

Қой шаруашылығы

1.

Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде қойлардың аналық басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

8 598

2.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу


2.1

асыл тұқымды аналық бас

598 914,592

2.2

тауарлық аналық бас

890 935,782

3.

Асыл тұқымды қой сатып алу

272 060

4.

Тауарлық отардың өсімін молайту үшін асыл тұқымды тұқымдық қошқарды күтіп бағу

37 290

5.

Қозы өткізу құнын арзандату

154 251,5

6.

Өңдеуге өткізілген биязы және жартылай биязы жүн құнын арзандату

59 936,313

Жылқы шаруашылығы

1.

Асыл тұқымды жылқы сатып алу

15000

2.

Жылқы етін өндіру құнын арзандату

21 904,7

3.

Бие сүтін өндіру және өндеу құнын арзандату

2 317,472

Азық өндіру

1.

Мал шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін құрамажем зауыттары өткізген құрама жем құнын арзандату

25 386,39


Жиыны:

5 907 449


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады