"Тараз қалалық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсанындағы № 22-7 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № 35-4 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 10 қыркүйекте № 3940 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Тараз қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Тараз қалалық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсанындағы №22-7 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2113 болып тіркелген, 2014 жылы 19 ақпанында "Жамбыл-Тараз" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихатының заңдылық, азаматтар құқығын қорғау, құқылық тәртібі және гендерлік саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тараз қалалық мәслихаты Тараз қалалық
      сессиясының төрағасы мәслихатының хатшысы
      С. Мырзалиев Б. Құлекеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады