"Байзақ аудандық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 28-4 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 маусымдағы № 31-13 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 12 шілдеде № 3901 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Байзақ аудандық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Байзақ аудандық мәслихатының 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 28-4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2191 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 маусымында "Ауыл жаңалығы - Сельская новь" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Байзақ аудандық мәслихатының "Аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау" жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы А. Жамишжанов
      Аудандық мәслихат хатшысы Н. Тлепов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады