РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2018 жылғы 19 сәуірдегі қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып Диқан ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Диқан ауылдық округінің Денсаулық саяжайындағы көше атаулары өзгертілсін:
1) Цветочная көшесі Зербұлақ көшесіне;
2) Вишневая көшесі Шиелі көшесіне;
3) Абрикосовая көшесі Жиделі көшесіне;
4) Виноградная көшесі Тораңғы көшесіне;
5) Клубничная көшесі Алмалы көшесіне;
6) Степная көшесі Ақдала көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Диқан ауылдық округінің әкімі | Н. Мекебаев |