Түймекент ауылдық округінің Түймекент ауылындағы көше атауын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Түймекент ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 24 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 13 шілдеде № 3905 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2018 жылғы 19 сәуірдегі қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Түймекент ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түймекент ауылдық округі Түймекент ауылындағы "Моношина балка" көшесі "Қарасу" көшесі болып өзгертілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түймекент ауылдық округі
      әкімінің міндетін атқарушы С.Медеубеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады