Ақбұлым ауылдық округі Ақбұлым ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Ақбұлым ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 05 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 2 наурызда № 3725 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқаружәне өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылдың 24 қарашадағы қорытындысы мен тиісті аумақ халқының пікірлерін ескере отырып, ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақбұлым ауылдық округі Ақбұлым ауылы көшелерінің атаулары өзгертілсін:

      Газ поселкасы көшесін – Сарыбұлақ көшесі;

      Школьная көшесін – Алмалы көшесі.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақбұлым ауылдық округінің әкімі С. Джанысбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады