РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бесағаш ауылдық округіне қарасты Бесағаш ауылындағы "Юбилейный" саяжайы – "Арал" саяжайы болып өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бесағаш ауылдық округі әкімінің орынбасары А.Абдумуталиевке жүктелсін.
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бесағаш ауылдық округінің әкімі | Б.Нигматуллаев |