РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылдың 8 қарашадағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Гродиково ауылдық округі Гродеково ауылы көшелерінің атаулары өзгертілсін:
Мир көшесінің 1-бұрылысы – Тұран көшесі;
Мир көшесінің 2-бұрылысы – Мұзтау көшесі;
Мир көшесінің 3-бұрылысы – Арал көшесі;
Мир көшесінің 4-бұрылысы – Ақсай көшесі;
Набережная көшесінің бұрылысы – Ақсу көшесі;
Жамбыл көшесінің 1-бұрылысы – Еділ көшесі;
Жамбыл көшесінің 2-бұрылысы – Арыс көшесі;
Жамбыл көшесінің 3-бұрылысы – Ертіс көшесі;
Жамбыл көшесінің 4-бұрылысы – Тобыл көшесі;
Базарбай Олжабаев көшесінің бұрылысы – Ақдала көшесі.
Қызылдихан ауылы көшелерінің атаулары:
Абай жаңа көшесі – Ақмешіт көшесі;
Абай жаңа құрылыс көшесі – Отырар көшесі;
Абай көшесінің 1-бұрылысы – Сауран көшесі;
Абай көшесінің 2-бұрылысы – Сайрам көшесі.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Гродиково ауылдық округі әкімінің орынбасары Ш.Аметкуловқа жүктелсін.
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Гродиково ауылдық округінің әкімі | Б. Кожабеков |