Жамбыл ауылдық округінің Шайқорық, Шайқорық стансасы, Қапал ауылдарындағы көше атауларын қайта атау және Жамбыл ауылдық округінің Шайқорық, Қапал, Танта ауылдарындағы көше атауларының транскрипциясын нақтылау туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жамбыл ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 88 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 20 желтоқсанда № 4046 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2018 жылғы 4 қыркүйектегі қорытындысы және тиісті аумақ халқының пікірлерін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жамбыл ауылдық округінің Шайқорық, Қапал ауылдарының және Шайқорық стансасының көшелері қайта аталсын.

      1) Шайқорық ауылы бойынша:

      Абай бұрылысын – Балдырған көшесі;

      Дінмұхамед Қонаев бұрылысын – Теректі көшесі;

      Сапарбай Байжиенов көшесін – Ынтымақ көшесі;

      Сапарбай Байжиенов көшесінің бұрылысын – Шалқар көшесі;

      Кольцевая көшесін – Қазына көшесі;

      Қырман көшесін – Ақбидай көшесі.

      2) Қапал ауылы бойынша:

      Уәлихан Қайназаров көшесінің бұрылысын – Ата мұра көшесі;

      Ю. Гагарин көшесін – Игілік көшесі:

      3) Шайқорық стансасы бойынша көшесі:

      Полевая көшесін – Алатау көшесі;

      Линейная көшесін – Береке көшесі;

      Деповская көшесін – Аққайнар көшесі;

      Деповская көшесінің бұрылысын – Ақжол көшесі.

      2. Жамбыл ауылдық округінің Шайқорық, Қапал, Танта ауылдарындағы көшелердің атауының транскрипциясы нақтылансын.

      1) Жамбыл ауылдық округі Шайқорық ауылының:

      Желтоқсан көшесінің оң жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Абай көшесі болып нақтылансын;

      Абай мен Сапарбай Байжиенов көшелерінің ортасында орналасқан көше атауының транскрипциясы Желтоқсан көшесі болып нақтылансын;

      Әшірмет Ташметов көшесінің сол жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Ыбырайым Сүлейменов көшесі болып нақтылансын;

      Бейсенбай Сабаев пен Сихымбай баба көшелері ортасында орналасқан көше атауының транскрипциясы Климент Тимирязев көшесі болып нақтылансын;

      Телеу мен Қырман көшелері ортасында орналасқан көше атауының транскрипциясы Бәйтерек көшесі болып нақтылансын.

      2) Жамбыл ауылдық округі Қапал ауылының;

      Қапал ауылының орталық көшесі атауының транскрипциясы Тұрар Рысқұлов көшесі болып нақтылансын.

      3) Жамбыл ауылдық округі Танта ауылының:

      Қайрат Рысқұлбеков көшесінің сол жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Әлия Молдағұлова көшесі болып нақтылансын;

      Танта мен Әлия Молдағұлова көшелері ортасында орналасқан көше атауының транскрипциясы Қайрат Рысқұлбеков көшесі болып нақтылансын;

      Д. Қонаев бұрылысы көшесінің сол жағында орналасқан көше атауының транскрипциясы Мәншүк Мәметова көшесі болып нақтылансын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі Б. Садырбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады