РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2017 жылғы 24 қарашадағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып ауыл әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бауыржан Момышұлы ауылындағы көше атаулары өзгертілсін:
Фестивальная тұйығы Атамекен көшесіне;
1- Совхозная тұйығы Кеңбұлақ көшесіне;
2- Совхозная тұйығы Өркениет көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бауыржан Момышұлы ауылы әкімі аппаратының іс жүргізу бөлімшесінің басшысы Мұратов Нұрпейіс Аяпбергенұлына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімі | Б. Қалышбаев |