РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының 2017 жылғы 24 қарашадағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Ақтөбе ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақтөбе ауылдық округі Күркүреусу ауылындағы Вокзальная көшесі Сұлусай көшесі болып өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Камалов Исабек Кобейсиновичке жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтөбе ауылдық округінің әкімі | А. Заппаров |