Ақарал ауылдық округінің Сыпатай ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Меркі ауданы Ақарал ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы № 1-01/07 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2018 жылғы 14 ақпанда № 3702 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 24 қарашадағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақарал ауылдық округінің Сыпатай ауылы көшелерінің атаулары өзгертілсін:

      Ленинградская көшесі - Бәйтерек;

      Центральная көшесі - Орталық;

      Совхозная көшесі - Тәуелсіздік;

      Садовая көшесі - Жиделі.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақарал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А. Жасыбаевқа жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақарал ауылдық округінің әкімі О. Жантайбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады