РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес, Мойынқұм аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Мойынқұм аудандық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Мойынқұм аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 24-4 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2193 болып тіркелген, 2014 жылғы 16 мамырында "Мойынқұм таңы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мойынқұм аудандық мәслихатының аумақтың экономикалық дамуы, бюджет және жергілікті салықтар, өнеркәсіп салаларын, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік салаларын дамыту, аумақтық құрылыс, жер учаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау, қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Мәслихат хатшысы |
Н.Саурықов | Ш.Исабеков |